Елімізде «Базз Лайтер» мультфильмін көрсетуге тыйым салынды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік "Базз Лайтер" анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы жазба арқылы жеткізуді жөн көрдім. "Базз Лайтер" анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді. Шешім қабылданды»,– деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, туындыны Pixar және Walt Disney Pictures киностудиялары шығарды. Мультфильмде екі әйелдің бір-бірімен сүйісуі сахналануына байланысты бірнеше елде көрсетуге тыйым салынды.