Өткен тәулікте елімізде 1 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

2709
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/4f4dae74-c89d-4859-a742-d4e62e5c974c.jpeg
Қазақстанда өткен тәулікте 1104 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласында - 328, Алматы қаласында - 350, Шымкент қаласында – 102, Ақмола облысында – 14, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында - 88, Атырау облысында - 18, Шығыс Қазақстан облысында - 13, Жамбыл облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 11, Қарағанды облысында - 58, Қостанай облысында - 15, Қызылорда облысында - 16, Маңғыстау облысында - 12, Павлодар облысында - 10, Солтүстік Қазақстан облысында - 10, Түркістан облысында - 9. Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 312 294 адамға жетті.
Комментарии