Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы 8 күндік ұлын сүндеттеді

6285
Adyrna.kz Telegram

Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық Заида Жаңабаева 8 күндік ұлын сүндеттеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жолдасымның елінде бала туғанына 8 күн толған кезде сүндеттеледі екен. Ең алғаш рет біздің (қазақтың) сүндеттеу рәсімі 4-5 жаста дегенді естіген Джесси таңғалған. Айтуынша, бұл жаста бала бәрін біледі, түсінеді. Ал мен 8-ақ күн өмір сүрген баланы қалайша сүндеттемек деп ойладым. Содан, тұңғышымыз ұл екенін білген кезде, осы тақырыпты зерттей бастадым. Діни ғалымдар да, медицина өкілдері де баланы туғаннан сүндеттеуді қолдайды екен. Діни ғалымның бұл сұраққа жауабы мынадай: “Сүндеттеу - ол уәжіп. Ал қашан сүндеттеу, 7 күнінде ме, 7 жасында ма деген сұраққа дәлел боларлықтай жауап жоқ. Әлхамдулилләһ, Эйден екінші күні жазылып кетті. Бірінші күнде кішкене дәрет кезінде мазасызданатын. Біз ұйқысыз түндерге моральді дайындалып едік. Аллаһқа шүкір, тез жазылып кетті. Сәбилердің регенерациясы жақсы дамыған-ау шамасы»,– деді ол.

Айта кетейік, отандасымыз өткен жылдың күзінде шетелдік Джессиге тұрмысқа шыққан еді.

Пікірлер