Қазақстан жаңа +997 телефон кодына көшеді

3189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/1ef7086c-7a2c-44b0-a6dc-6283f55e58c0.jpeg
Қазақстан 2025 жылдан бастап жаңа +997 телефон кодына көшеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитеті еліміз жаңа кодқа 2025 жылдың қаңтарынан бастап ауысатынын мәлімдеді. Комитет өкілдері +997 телефон кодын енгізу туралы жоспар нақты екенін баса айтты. Қазақстан жаңа кодты өткен жылы резервке алып қойған. Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына сәйкес, қолданыстағы кодты жаңа +997 кодымен бірге екі жыл бойы қатар пайдалануға болады.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии