"Әділдік орнады": Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінің бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді

4361
Adyrna.kz Telegram

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына қатысты өзінің instagram-дағы парақшасында пікір білдірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Биылғы жыл мен үшін өте маңызды болды. Немерем дүниеге келді. Менің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлем бойынша салтанатты шеруін жалғастыруда, менің қазіргі жұбайыма қатысты әділдік орнады. Бүгін бұрынғы жұбайым Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды. Бір ай бұрын, мен оның өтініші бойынша босатылуына қарсы еместігім туралы өтінішке қол қойдым. Сот менің өтінішімді қанағаттандырды және ол көп ұзамай босатылады. Мен өте қуаныштымын және оған шын жүректен денсаулық пен жақсылық тілеймін! Өзім үшін, отбасым үшін, балаларым мен немерелерім үшін Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік етемін!», - деп жазды Баян Мақсатқызы.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Бақытбек Есентаевқа өз әйелін өлтірмек болды деген айып тағылып, 9 жылға сотталған еді. 12 шілдеде сот оны мерзімінен бұрын босатуға рұқсат берді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер