12 жыл халықаралық іздеуде жүрген Болат Алтынбеков ұсталды

4072
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/1642095523_43514e3dc6d98c4761cf0f59e5f4f2ea.jpg
Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен 2010 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген Болат Алтынбеков ұсталды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
"Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресейдің құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және ҚР ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбековті ұстап, қамауға алды, - деп жазылған хабарламада.
Тергеу органдарынан жасырыну үшін Болат Алтынбеков өзінің тегін  "Алшер" деп өзгерткен.  Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі басталған.

"Адырна" ұлттық порталы 

   
Комментарии