Атырау облысында мектептер мен ауруханаларға бөлінген жарты миллиардқа жуық ақша ұрланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
АФМ әлеуметтік нысандар: мектеп, екі аурухана, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған Атырау облыстық құрылыс басқармасының лауазымды тұлғалары мен «Техника-рем строй» ЖШС басшысына қатысты тергеуді аяқтады.
Ұрлық сомасы 467 миллион теңгені құраған.
ЖШС басшысы және онымен бірге серіктестіктің 79 млн теңге мүлкі қамауға алынды. Атырау облысы Құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы мен тапсырыс беруші үйқамаққа алынды.
”Адырна” ұлттық порталы