Шри-Ланка президенті отставкаға кетті (ВИДЕО)

1394

Коломбода халық наразылығынан кейін Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса отставкаға кетеді. Бұл туралы Парламент спикері Махинда Япа Абейвардена мәлімдеді. Бұған дейін елдің премьер-министрі Ранил Викрамасингхе «азаматтардың қауіпсіздігі үшін» қызметінен кетуге дайын екенін хабарлаған болатын, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Сенбі күні наразылық білдірген мыңдаған адам президент резиденциясын басып алды. Полиция қызметкерлері аспанға оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданды, бірақ наразы адамдарды тарата алмады. Кем дегенде 45 адам жарақат алды.

"Бүгін біз жекпе-жекте жеңіске жеттік десем, қателеспеймін. Біз барлық келіспеушіліктерді қоя тұрып, президенттің үйін басып алдық. Біз Готабая Раджапакса мырзаның отставкаға кетемін деген мәлімдемесін күтеміз", - дейді наразылық білдірушілердің бірі, Коломбо тұрғыны Мохамад Имран.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket