Қаңтарда билік органдары "Дикий Арманды" арнайы ұшақпен алдыртқан - Абзал Құспан

6086
Adyrna.kz Telegram

Қаңтар оқиғасы кезінде "Дикий Арманды" Алматыға билік органдарының арнайы ұшағымен алдыртқан. Бұл туралы белгілі адвокат Абзал Құспан "Сұрауы бар" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Ол өздігінен ұшып келе алмайды. Билік органдарының, белгілі бір құқық органдарының арнайы ұшағымен алдырылды деген әңгіме бар. Әйтпесе, әдеттегі ұшаққа билет сатып алып, Алматыға ұшып келе алмайды. Өйткені, ол іздеуде ғой. Шекара бекеттерінде, кедет бекеттерінде оған "қызыл жалауша" тұрды ғой. Ол құжатын көрсеткен бойда ол дереу қамауға алынуы керек. Әлеуметтік желісі арқылы оның Түркияда тұрғанын бәріміз білеміз. Қаңтар оқиғасында елдің ортасында жүр. Қолына қару ұстап алған. Айналасында қарулы азаматтар кілең. Содан-ақ, түсінікті ғой. "Дикий Арманның" жігіттері тек Алматыда болған жоқ. Барлық өңірде жүрді. Қылмыста ұйымдастырушы деген болады. Орындаушы деген болады. "Дикий Арманның" рөлі орындаушылық қана. Нақты болып жатқан процесстерге араласу, белгілі бір тапсырмаларды орындау ғана. Негізі міндеттері арандату", — деді Абзал Құспан.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер