Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзарды

766

Наурыз айында қамауға алынған Гүлмира Сатыбалдыны күзетпен ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласы сотының ресми сайты хабарлады.

«2022 жылғы 9 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге оның бұрынғы жұбайы да күдікке ілінген болатын. 18 наурыз күні Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынып, 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатыр. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket