Air Astana ұшағы ұшып бара жатқан кезде қозғалтқышы істен шыққан

5762
Adyrna.kz Telegram

Air Astana ұшағының қозғалтқышы ұшып бара жатқан кезде сөніп қалды. Оқиға Шымкент әуежайынан ұшқан кезде орын алған,- деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"9 шілдеде ВС А320-да КС 342 рейсін орындау кезінде Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша биіктікті алу кезінде техникалық себептерге байланысты сол қозғалтқыш сөніп қалды. Экипаж барлық қажетті шараны жасап, жағдайды бақылауға алды және Шымкент әуежайына оралу туралы шешім шығарды. Қону ескертусіз өтті.

Бұл оқиғаға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті бірлесіп тергеу жүргізуді жоспарлап отыр", - деді Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіндегілер.

Жолаушылар FlyArystan мен Air Astana-ның жақын арадағы тікелей рейстеріне орналастырылды.
“Адырна” ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер