Маңғыстауда мемлекеттік аттестациялаудан 16 мектеп өтпей қалды. Бұл туралы облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мәлім етті.
Ақтау, Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Бейнеу аудандарында 21 мектеп, 31 балабақша, 1 колледжге тексеру жүргізілген. 11 балабақша жарамсыз болған. 21 мектептің 16-сы талаптарға сәйкес емес. Бірінші аттестаттаудан өтпегендерге кемшіліктерді жою үшін уақыт берілді.
«Оқу жоспарының орындалуы, балалардың білім деңгейіне қойылатын талаптар бойынша қаралады. 4, 9, 11-сыныптардан бақылау тестісі алынады. Ең бірінші тестілеу мезгілінде осындай балалардың шектік деңгейден өтпей қалғандары болды. Екінші, оқу жоспарының орындалмай қалуына байланысты, материалдық-техникалық базасына байланысты кемшіліктер болды», - дейді Маңғыстау облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ.
“Адырна” ұлттық порталы