Қазақстан ТМД келісімінен шығады

6431
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) 1995 жылғы Мемлекетаралық валюта комитеті туралы келісімнен шығады, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

«2013 жылғы 25 қазанда Минскіде жасалған Мемлекетаралық валюталық комитетті құру туралы 1995 жылғы 26 мамырдағы келісімнің қолданылуын тоқтату туралы хаттама бекітілсін», - делінген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Құжат күшіне енді.

Комитет валюталық төлем-несие қатынастары саласындағы көпжақты ынтымақтастықты ұйымдастыруға, көпжақты есеп айырысу-несие қатынастарына әсер ететін валюталық заңнаманы жақындастыруға және жетілдіруге, Қазақстан Республикасының валюталық саясатын үйлестіру нысандары мен әдістерін әзірлеуге жәрдемдесу мақсатында құрылған.

Пікірлер