Басқа ұлттың алдында біздің дәрежеміз әлдеқайда үлкен! - 4000 шақырымды артқа тастаған жиһанкез Сәрсенбай Оспанұлы (ВИДЕО)

14323
Adyrna.kz Telegram

"Ата-бабамыздың рухын оятайық. Соның арқасында біз ел боламыз. Соның арқасында біздің ұлтымыз сақталып қалады. Тарихын білмесе, мәдениетін білмесе, мейрам, дәстүрін білмесе ол ұлт бола алмайды. Сондықтан басқа ұлттың алдында біздің дәрежеміз әлдеқайда үлкен. Әсіресе тарихымызға келгенде…". Бұл пікірді Ұлт ұясы Ұлытаудан жаяу шығып, 4000 шақырымды артқа тастаған 72 жастағы жиһанкез Сәрсенбай Оспанұлы “Адырна” ұлттық порталының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

- Жастарға айтарым - ең әуелі тарихыңды біл. Еңбек ет. Халқымыздың ұлттық өнер шеберлерінен үлгі ал. Соны ары қарай жалғастыр. Ұлттық мейрамымызды әрқашан да қадірлеп, құрметтеп ұмытылып кеткен мейрамдарымызды еске алып, ата-бабамыздың рухын оятайық. Соның арқасында біз ел боламыз. Соның арқасында біздің ұлтымыз сақталып қалады. Тарихын білмесе, мәдениетін білмесе, мейрам, дәстүрін білмесе ол ұлт бола алмайды. Сондықтан басқа ұлттың алдында біздің дәрежеміз әлдеқайда үлкен. Әсіресе тарихымызға келгенде… Біздің ата-бабамыз жылқыны алғаш қолға үйреткен. Дүниежүзіндегі ең алғашқы металлургия 3500 мың жыл бұрын Ұлытау өңірінде басталған. Аспан әлемін зерттеу де бізден шыққан. Бізді сырт елдер көшпенділер деп түсінбейді. Мәскеу салынбай тұрып біздің эрамыздың бастамасы ретінде бірнеше жүздеген қалалар болған. Ол қалалар болмаса мәдениет қайдан болған? 3500 мың жыл бұрын темір қорыту, металл қорыту оңай ма? Ол - өнер. Ол - кәсіп. Оған теңдесі келетін ешқандай ғалым жоқ деп айтуға болады. Біздің ата-бабаларымыз ғалым деп айтсақ артық болмайды. Солардан үлгі алайық. Солардың жолын жаңғыртып, болашақ ұрпағымызға берейік. Сонда біз мемлекет боламыз, сонда біздің ұлтымыз сақталады. Ұлттық дәстүрімізді ұмытпайық. Қадірлейік, қастерлейік. Басқа ұлттарға түсіндіріп, біздің мәдениетіміз, тарихымыз зор екенін айтып, мақтаныш етіп жүрейік, - дейді 72 жастағы жиһанкез Сәрсенбай Оспанұлы.

Ulytaumen атанған еңбек ардагері, шебер реставратор Сәрсенбай Оспанұы «Ұлытауға бардың ба?» деген экспедициясымен өз сапарын 31 наурызда бастап, бұған дейін 10 облысты жаяу аралап шығып, қазір ел астанасына табан тіреді. Күніне 40 шақырым жолды басып өтіп, 17 облысты қазан айына дейін жаяу жүріп өтуді мақсат тұтқан 72 жастағы саяхатшы 8 мың шақырым жолды бағындыруды көздеп отыр.

Зарина ӘШІРБЕК,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер