Өзбекстанда төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты Қарақалпақстаннан шыға алмай қалған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды. Бұл туралы Өзбекстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Қарақалпақстан Республикасында орналасқан Қазақстан Республикасының азаматтарына көмек көрсету мәселелерін шешу үшін жедел штаб құрылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтары мына телефондар арқылы хабарласа алады: +9989 61 2248206, +9989 93 858644. Телефондар аптасына 7 күн, тәулік бойы жұмыс істейді.
”Адырна” ұлттық порталы