Серік Төтебаев "Самұрық-Энерго" Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Директорлар кеңесінің 23 маусымдағы шешімімен компания Басқармасының құрамына келесі өзгерістер енгізілді.
- Басқарма төрағасы Сұңғат Есімханов қызметінен алынды;
- Оның орныра Серік Төтебаев-Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды.
- Енді "Самұрық-Энерго" компаниясының басқармасы төрт адамнан тұрады: Тютебаев С. С., Рыскулов А. К., Ивченко Е. Д., Адылькеримов А. А.
“Адырна” ұлттық порталы