«ҚазМұнайГаз» бас кеңсесінің ғимараты сатылымға шығарылды

2744
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда «ҚазМұнайГаз» өз ғимаратын сатылымға шығарды, деп хабарлайды "Адырна".

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19 үй мекенжайында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мүліктік кешені (әкімшілік ғимараты, В, С, Е блоктарынан тұрады). Есептік құны: 11 726 860 000 теңге. Бағалау күні: 2021 жылдың 30 қыркүйегі», - делінген ғимараттың сипаттамасында.

Нысанның жалпы ауданы 0,543 га 24 жер учаскесінде 21 316 шаршы метрді құрайды. Бағалаушы – «Crowe Tax and Advisory KZ» ЖШС.

20 қабатты кешен кеңсе және қосалқы бөлмелерден тұрады. Ғимаратта асхана мен мейрамхана да бар. Бағаға жер телімдері, күзет бекеттері, тротуарлар мен автотұрақтар кіреді.

Аукцион 31 тамызға жоспарланған. Аукцион бағаны көтеру форматында өтеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер