Қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

742

Бүгін таңертең көпқабатты үйлердің жанынан жаңа туған нәрестенің денесі тұрмыстық қоқыспен жәшігінен табылды, деп хабарлайды "Адырна". 

Бұл туралы ақпарат журналист Сандуғаш ДҮЙСЕНОВАНЫҢ Instagram әлеуметтік желісіндегі қоғамдық angry_taldyk парақшасында пайда болды. Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың денесі мәйітханаға жеткізілгенін хабарлады.

Таңертеңгі сағат 7:00-де аула сыпырушы шақалақтың денесін тауып алып бірден 102-ге хабарласты. Полиция баланы мәйітханаға апарды. Анықталған мәлімет бойынша, нәрестенің жынысы қыз, деп хабарлады Алматы облысы ДПД баспасөз қызметінен.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket