ҚР СІМ Қарақалпақстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

2580
Adyrna.kz Telegram

ҚР Сыртқы істер министрілігі Қарақалпақстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады. Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз. Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз. Қазақстан Өзбекстамен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы Шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы Шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем», - делінген ресми мәлімдемеде.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер