1000-нан астам домбырашы бір мезетте қазақ күйлерін орындады (ВИДЕО)

5154
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық домбыра күні және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Арқалық қаласында 1000 домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындады. Бұл туралы inform.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Ұлттық өнер дәріптелген шараға қалалық халық аспаптар оркестрі мен шаһар тұрғындары қатысты.

«Оркестр «Тепеңкөк», «Салкүрең» сияқты халық күйлерін, Құрманғазының «Балбырауын», Нұрхан Ахметбековтың «Жеңіс», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін нақышына келтіре орындады. Осы шараға дайындық барысында 700 адам қолына алғаш рет домбыра ұстаған», - деп мәлім етті Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Күй шерткендердің ең үлкені - 87 жастағы домбырашы болса, ең кішкентайы - 8 жастағы өнерпаз. Сондай-ақ, шара барысында бір әулеттің 22 мүшесі өнер көрсетті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер