Талдықорған мешітінде имамды соққыға жықты

2970
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/39e34749-0768-4e23-93c7-7f4b7eaf360a.jpeg
Талдықорғандағы мешітте деструктивті діни ағымның жақтаушысы имамды соққыға жыққан, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға маусым айының басында діни рәсім кезінде болған.
«Бір топ ер адам имамға кедергі келтіріп, ескерту алған. Қақтығыс рәсім аяқталғаннан кейін мешіт аумағында жалғасты. Сөзге келіп қалған ерлердің дін қызметкерін соққыға жыққан»,– деп түсіндірді ведомство.
Полиция шабуыл жасаған адамды ұстап, оны 7 тәулікке қамауға алды.
Комментарии