Павлодарда қоқыс арасынан екі елтаңба табылды

4540
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/4d5e41025c3f4f7798f867be5d0f10ef.jpg
Павлодарда құрылыс қоқыстарының арасынан Қазақстан Республикасының екі елтаңбасы табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Дұрыс жойылмаған мемлекеттік рәміздерді экологтар алюминий зауытынан 10 шақырым қашықтықты орналасқан жерден тапты. Тәртіп бұзушыларға 2000 АЕК көлемінде айыппұл салынбақ.
– Тергеу-жедел тобы оқиға орнына шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы (Мемлекеттік рәміздерді қорлау)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Павлодар облысының ПД өкілдері.
Тергеу шаралары жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии