Павлодар облысында қант зауытының құрылысы неге тоқтап тұр?

3157
Adyrna.kz Telegram

Биыл Павлодар облысында қант зауытының құрылысы басталуы қажет болған. Алайда іске келгенде алғашқы кірпіші де қаланбағаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты.

Бұл жоба жергілікті ауыл шаруашылығын дамытуға серпін береді деп көзделді. Жоспар бойынша жылына 900 мың тоннадан астам қант қызылшасын қайта өңдеп, 120 мың тоннаға дейін құмшекер өндіруге мүмкіндік туған еді. Бірақ кейін облыс әкімдігі тың бастаманы қаржыландыратын инвестор таппағаны белгілі болды.

Айта кету керек, қазір елімізде қант тапшылығы байқалады. Өзге елдерден келетін қант қоры да әзірге тұрғындарға жетпей жатыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер