Нұр-Сұлтандық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі (ВИДЕО)

1999
Adyrna.kz Telegram

Елордалық полиция қызметкерлері “Қарасора” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында аса ірі көлемде есірткі жеткізумен және сатумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 37 жастағы күдікті ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында оның гараждағы автокөлігінен салмағы 40 келі “марихуана” есірткі заты бар екі пакет тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі “Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Пікірлер