Премьер-Министр Мусинге бірқатар тапсырма берді

2827
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/3fb3a6ac-ee9e-4679-82a6-7d9a77164374.jpeg
Үкімет отырысында Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Атап айтсақ, Премьер-Министр үш ай мерзімде қолжетімсіз мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруді және цифрлық құжаттардың қолданыс аясын кеңейте отырып, олардың санын арттыруды тапсырды.
«Халықтың тұрмыс деңгейі мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуына және олардың сапасына байланысты. Сондықтан бұл салада сервисті үнемі жетілдіре отырып, азаматтарға ыңғайлы әрі сапалы қызметтерді ұсынудың маңызы өте зор», – деді Үкімет басшысы.
Комментарии