Қандастар туралы жобаның тұсаукесеріне шақырамыз!

3547
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/06/DGFZcYqW0AA7qVD.jpg
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Отан – оттан да ыстық» жобасының баспасөз мәслихатын өткізеді. Бұл жоба аясында отанына оралған қандастарымызға заңнамалық көмек ретінде «Жедел желі» қызметі іске қосылады. «Қандастар» (http://qandastar.kz/) сайты арқылы да сұрақ-жауап ретінде заңнамалық көмек көрсетілетін болады. Баспасөз мәслихатының мақсаты – «Отан – оттан да ыстық» жобасын халыққа таныстыру. Баспасөз мәслихатына құқықтанушылар, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мамандар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысады. «КЕШ» құқық қорғау орталығының жетекшісі – Кәмшәт Есмұхамбетқызы; Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі маман – Әсима Сұлтан; Орыс тілінің маманы – Әлия Мұхаметкәрімқызы сынды ғалымдар баяндама оқиды.   Ұйымдастырушылар:  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Серіктестер:  Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы «КЕШ» құқық қорғау орталығы Алматы қаласы ІІД көші-қон полициясы басқармасы Өтетін орны: Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы 43 (М. Мәметова көшесінің қиылысы) Өтетін уақыты: 27.06.2018 ж. Басталуы: 16:00   Қосымша ақпарат: +7 702 270 21 02, +7 708 852 13 37,  +7 775 278 57 17
Комментарии