ҚР ОСК-да ЕҚЫҰ/ДИАҚБ делегациясымен кездесу өтті

3406
Adyrna.kz Telegram

2022 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Директоры Маттео Мекаччимен кездесті.

Кездесуге ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман, сондай-ақ аға саяси кеңесші – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директоры Кеңсесінің басшысы Фабрицио Нава, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Заң үстемдігі мәселелері жөніндегі офицері Кэролин Хаммер қатысты.

 

 

ҚР ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ға 2022 жылғы 5 маусымда өткен Қазақстан Республикасындағы референдумды байқауға миссияның бағытталғаны және қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директоры Маттео Мекаччи Референдумды бағалау жөніндегі миссияның өзара тығыз іс-қимылы мен қолдауы үшін, Орталық сайлау комиссиясы жұмысының ашықтығының жоғары деңгейі үшін, сондай-ақ соңғы 12 жылда алғаш рет Қазақстан Республикасындағы 2021 жылы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссияның қорытынды есебінің кейбір ережелері мен ұсынымдарын пәндік және кәсіби талқылау мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын жетілдіру, ҚР ОСК және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар ҚР ОСК-ның ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен сайлау науқандарын ұйымдастыру және дайындау кезінде, сондай-ақ электоралдық науқандар арасындағы кезеңде сарапшылық өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға дайындығын растады.

 

Пікірлер