Оралда нан бағасы екі жүз теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы t.me/orda_kz телеграмм каналы жазды.
Өңірде ұн, қант және май бағасының қымбаттауына байланысты нан бағасы және жалпы барлық нан-тоқаш өнімдері қымбаттаған. Бүгіннен бастап Оралда жоғары сұрыпты нан 200 теңге тұрады. Бұрын оның бағасы 170 теңге болатын.
Қаланың нан сататын дүңгіршектері мен азық-түлік дүкендерінде барлық кондитерлік өнімдердің құны 20 теңгеге өсті. Өндірушілер соңғы уақытқа дейін өнімнің бағасын ұстап тұруға тырысқанын, бірақ бағаны көтеруге мәжбүр болғанын айтады.
"Адырна" ұлттық порталы.