САМАТ НҰРТАЗА: Кім бұларды “асылдың тұяғы, текті азамат” дей алады?

3574
Adyrna.kz Telegram

Петр Букейханов пен Владимир Рыскулов! “Текті ұрпақ” дейсіздер ғой. Менің ойымша әр буын өзінің тектісі мен тексізін айқындап алады. Бір буынның “тектісі” келесі буынға “текті” болмауы ықтимал. Өз кезегінде “тексізден текті туу мүмкін”. Ата-бабасы болыс пен би болғандардың ұрпағы екі сөздің басын қоса алмайтынын көрдік, кеше мектепті зорға бітірген қарапайым қойшының баласы ел басқарғанын көрдік.

Әйтпесе Сұлтан Бейбарс пен Шыңғысхан қаған құлдықта болған. Кім қазыр оларды “құлдың тұқымы” дей алады? Ал Әлихан мен Тұрардың ұрпағы суретте. Кім бұларды “асылдың тұяғы, текті азамат” дей алады? Әлдей дей аламыз ба?

Осы кейде «Жеті Ата» дегеннен гөрі «Жеті Апа» деген маңызды сияқты. Себебі генеологиямызға бір-екі “бабуля” қосылып кетсе, лағып кететін сияқтымыз ғой …

Самат Нұртаза,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер