ДИНА ИМАМБАЙ: “Қазақша мәзір жоқ, болмайды да” - халал кафе қазақ тілін менсінбейді

4628
Adyrna.kz Telegram

«Ұнамаса кетіп қал» деген сөз сәнге айналыпты. Момышұлы көшесіндегі (Райымбек көшесінен сәл төмен) “Сәнім” кафесінің администраторы қазақша ас мәзірін сұраған маған ”бұл жер ұнамаса басқа жаққа барыңыз. Қазақша мәзір жоқ, болмайды да! Орыс тілі бізге жеткілікті. Орыс тілі - халықаралық тіл! Ол қазақ тілімен бірдей қолданылады” деді. Ал көрші үстелде отырған қазақ келіншек “қазақшаның не керегі бар? Орысша болса болды емес пе? Бізге бәрібір” деп администраторды жақтады.

Мыналар соғыс болса (беті аулақ) екі қолын көтеріп, сатып кететіндер ғой.

Дәрігерге көрсетіп алып келе жатқан шешем екеуміз жолда тамақтана қояйық деп кіргенбіз ғой. Бұған дейін де ол кафеде даяшыларға қазақша ас мәзірі жөнінде ескертіп кеткем.

Жалпы бұл кафе халал, даяшы қыздар орамалға оранып, жігіттер тақия киеді.

Демек, орамал мен тақия бұлардың түсінігінде тек діни мағынаға ие, ал қазақ тілінің түкке керегі жоқ. Өткенде орамал дауы болғанда осыны түсіндіре алмап едік, мінеки ендеше.

Пікірлер