Елорда азаматы өзімен танысудан бас тартқан әйелді тонады

3278
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда ер адам өзімен танысудан бас тартқан әйелді тонап кеткен. Бұл туралы қалалық ПД айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Елорда тұрғыны полицияға белгісіз адамның сағат 05.00 шамасында Бейбітшілік көшесінде оның "Айфон 11" маркалы ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында "Сарыарқа" ауданының полиция қызметкерлері 36 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу барысында 32 жастағы жәбірленушінің кафеде демалып отырғанда күдіктімен танысқаны анықталды. Кафе жабылғаннан кейін, ер адам онымен бірге барып, таныстықты әрі қарай жалғастыруға шақырған. Бірақ айел бас тартқан. Бұл ер адамның намысына тиіп, әйелдің ұялы телефон алып қашып кеткен»,– деп түсіндірді ведомство.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер