Нұр-Сұлтанда ұры кафеге төрт рет кіріп-шығып, ұрлық жасаған (ВИДЕО)

1966
Adyrna.kz Telegram

«Алматы» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ақша мен азық-түлік ұрлады деген күдікпен тұрақты мекенжайы жоқ 37 жастағы ер адамның жеке басын анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

«Ұрлық туралы полицияға Жұмабаев көшесіндегі "Жерұйық" саябағында орналасқан "Браун" кафесінің иесі хабарлады, ол келесі күні үй-жайға біреудің заңсыз кіргенін байқаған.
Тергеу барысында полицейлер күдіктінің түнде жабық тұрған кафеге келгенін анықтады. Құлыпты бұзу арқылы ішке кедергісіз кірген. Өзін жазаланбайтын сезініп, ол таңертеңге дейін тағы үш рет біреудің меншігіне басып кірген. Бір түнде ұры кассадан қолма-қол ақша мен тамақ ұрлап үлгерген»,– делінген хабарламада.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

<

Пікірлер