Алматыда жолаушылар автобусы автокранмен соғылып, 5 адам зардап шекті. Кamatsu LW 250-5 маркалы автокран Golden Dragon маркалы маршруттық автобуспен соқтығысқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында автокран мен автобус соқтығысты. Нәтижесінде бес жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, жол апаты 16 маусым кешкі сағат 17.00 шамасында болған.
Новости по теме
Видеоны Telegram арнамыздан көре аласыз.«Апат салдарынан автобустың 5 жолаушысы зардап шегіп, медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
”Адырна” ұлттық порталы