15 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.55-те Өзбекстанның Алмалық қаласындағы «Максам-Өзбекстан» бірлескен кәсіпорнының цехтарының бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс технологиялық процестің бұзылуынан болған. Салдарынан шеберхана ғимаратына зақым келген.
Год рабочих профессий: дан старт трансформации технического и профессионального образования в Казахстане
Оқиға орнына жақын жерде болған жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Жарылыс салдарынан қаза болғандар жоқ.
Қазір жарылыс салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.
Новости по теме

”Адырна” ұлттық порталы