SHYMKENT NOMAD FILM FEST

543

Қысқаметражды фильмдер фестивалі Шымкентте осымен екінші рет қала күні аясында өтіп жатыр. Былтыр бастағанбыз. Өміршең болатын жоба секілді. Жастардың қызығушылығы жоғары. Оның үстіне өскелең ұрпақ видео түсіруге бір табан жақын. Телефонмен де қызықты әуесқой дүниелер шығаруға болады.

Одан бөлек, Шымкентте анимация мен кино саласы қарқынды дамып келе жатыр.

Биыл жиырмадан астам туынды тапсырылыпты. Оның онын іріктеп алып көрсеттік. Әрине, көп емес. Сапасы сын көтермейтін фильмдер бар, бірақ аяқалыс жаман емес.

Енді, ойланып отырмыз. Болашағы бар фестиваль. Кино индустриясына бейжай қарамайтын қалталы азаматтар SHYMKENT NOMAD FILM FEST жобасына қызығушылық көрсетіп, жылда өткізіп тұра алатын болса, осы фестивалдің басшылығын табыстауға болады.

Шыңғыс МҰҚАНОВ Facebook парақшасынан

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket