Түркістанда үшем дүниеге келді

3527
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/889eb800-4353-4784-9dd0-670960a3ea3e.jpeg
Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 23 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Әйелдің толғағы мерзіміне жетпей басталғандықтан, жедел ота жасалды.
“Жас ана №2 облыстық  перинаталдық орталығында үш қызды босанды. Жаңа туған нәрестелерге Райана, Разия, Райхана есімдері берілді. Олардың салмағы 1910 гр, 1950 гр және 2120 гр болды", - делінген хабарламада.
Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлердің бақылауына алынды.
Комментарии