Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Үкімет отырысында журналистер Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіден саясаткерлердің кездесуінде қандай мәселелер талқыланғанын сұрады.
«Білмеймін. Мен бұл жерде оғаш ештеңе көріп тұрған жоқпын. Ресей президентімен кездесуге тыйым салынған жоқ қой. Оның үстіне екеуі бұрыннан келе жатқан достар», - деді ол.
Айта кетейік, 13 маусымда Назарбаев Путинмен кездесіп, оны Ресей күнімен құттықтаған еді.