“Ұлттық құндылықтарды қорлады”. Трансгендер Амилайдан қазақ жігіттері кешірім сұратты

9010

Күні кеше желіде трансгендер Амилай тұрмысқа шыққанын хабарлап, сүйінші сұраған болатын. Күйеужігіт қалыңдығы Амилайды үйіне ұлттық киімде алып келген еді. Дегенмен бұл жаңалықты көпшілік дұрыс қабылдамады. Жақында бір топ қазақ жігіттері Амилай мен оның күйеуін ұстап алып халықтан кешірім сұратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мені Әліби, 2001 жылы туғанмын. Ұлтым — дұңған. Барша қазақстандықтарған осы қылығым үшін кешірім сұраймын», —деді.

Амилай да қазақ халқының ұлттық құндылығын қорлағаны үшін кешірім сұрады.

Бұл туралы әлеуметтік желі белсендісі Амина Смагулова да  Facebook парақшасына жариялады.

“Күні кеше желіде Амилай деген урод тұрмысқа шыққанын хабарлап, сүйінші сұраған болатын. Ұлты дұңған "күйеужігіт" Әлиби "қалыңдығы" Амилайды үйіне ұлттық киімде алып келген еді. Бір топ қазақ жігіттері осы екеуін ұстап алып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қорлағаны үшін кешірім сұратқызыпты. Жігітерге риза болдым. Жарайсыңдар, бауырларым!”,- деп жазған ол  Facebook парақшасына.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket