Маңғыстауда жол бойында көлік өртеніп кетті

3223
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/ded87203-0d0f-445d-9562-27e333d549e8.jpeg
Маңғыстауда жол бойында Audi көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Ажырна” ұлттық порталы. Оқиға 12 маусымда Ақтау-Жетібай жолының Мұнайлы ауданындағы учаскесінде болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қоңырау 12:52-де түскен. Оқиға орнына төрт өртсөндіруші шығып, сағат 13:23-те өртті ауыздықтаған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Еске салайық, маусымның басында Қарақия ауданында жол бойында жартылай тіркемесі бар "Мерседес" тракторы өртенген болатын.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии