Украиналық 3 миллион босқын Еуропа елдерінің уақытша қорғауына алынды

2007
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне қарағанда, Украинадан шыққан үш миллионнан астам босқын Еуропа елдерінің уақытша қорғауына алынған. Бұл статус Еуропа одағы елдерінде өмір сүруге және жұмыс істеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Азаттыққа" сілтеме жасап.

Ресми мәлімет соғыс басталғалы бері Еуропа одағына Украинадан бес миллионға жуық босқын келгенін көрсетіп отыр. Босқындарды бәрінен көп қабылдаған елдер - Польша, Чехия мен Германия.

Бұлар тек ресми тіркелгендері ғана. Босқындардың кейбірі Еуропа одағынан тыс жерлерге кетсе, кейбірі тіркеліп, көмек сұрауды керек етпеген, сондықтан статистикаға енбеген. Кей бөлігі Украинаға оралған.

9 маусымға дейін Польша Украинадан келген миллионнан астам босқын қабылдаған; Германия - 780 мың; Чехия - 366 мың. Ресей федерациясы Біріккен ұлттар ұйымына өзінің миллионнан астам босқынды паналатқанын айтқан, бірақ қаншасының ресми статус алғанын, қаншасының Украинаға қайта оралғанын көрсететін құжат бермеген.

Украина билігі "Ресейге босқын барған жоқ, оларды Ресей күшпен депортациялап, адам құқығын бұзды" деп айыптайды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер