Нұрлан Нығматулиннің ұлдары қылмыс жасаған ба?

2444
Adyrna.kz Telegram
Фото: kznews.kz
Фото: kznews.kz

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары бақылайтын «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың бағасына қатысты материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне берілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы "Оrda.kz"-ке сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлағандай, 2021 жылдың қараша айында аммофос бағасының Т125-тен Т168 750-ге дейін өсуі байқалған, жыл басымен салыстырғанда бағаның өсуі 35%-ды құрады.

"Бұл ретте 2022 жылдың қаңтарында баға 185 625 теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 48,5%-ға өсті. Тергеу нәтижелері бойынша Алматы қаласы бойынша департаменттің 2022 жылғы 31 мамырдағы бұйрығына сәйкес «Казфосфат» ЖШС-не қатысты материалдар алдын ала анықтау үшін Қазақстан Республикасы Экономикалық тергеу (ЭҚК) Алматы қаласы бойынша департаментіне берілді»- делінген хабарламада.

Ведомствода айтылғандай, «материалдар қайтарылған жағдайда монополияға қарсы орган ұйғарыммен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды».

«Қазфосфат» ЖШС бағаны 185 мың теңге/тоннадан 173 мың теңгеге дейін төмендетті. Сонымен бірге компания аммофостың қосымша көлемі түрінде ескі және жаңа баға арасында тұтынушыларға төлемді қайта бастады. Компанияның мәліметі бойынша жалпы айырмашылық 2,8 млрд теңгені құрады» -деп толықтырды ведомства.

 «Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер