Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты басты қонақтардың бірі ретінде Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына (SPIEF) қатысуға шақырғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мемлекет басшысы форумға қатысу жайлы ниетін 16 мамыр күні Владимир Путинмен өткен кездесу барысында білдірген еді.
Бұл туралы бұған дейін "Интерфакс" порталы жазған болатын.
"Мен сіздің шақыртуыңызбен 17 маусым күні Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысуды жоспарлап отырмын", - деді сол кездесуде Тоқаев.
"Адырна" ұлттық порталы.