Қазақстанда 232 мыңға жуық адамның зейнетақысы өсті

2010
Adyrna.kz Telegram
Фото: kyzylorda-news.kz
Фото: kyzylorda-news.kz

Шығыс Қазақстан облысында 232 мыңға жуық адамның зейнетақысы өсті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, елімізде «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі зейнетақы, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі өскен. Соған орай әлеуметтік төлемақылар көлемі де артты.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар өсіп отыр. Мысалы, І топтағы мүгедекке берілетін жәрдемақы 69 155-тен 71 787 теңгеге өсті. Жаңа туған балаға берілетін біржолғы жәрдемақы 116 394 теңгеден 120 840-қа артты.

 «Шығыс Қазақстанда 232 мыңға жуық адамның зейнетақысы өсті. Оның ішінде, Өскеменде – 67 574, Семей қаласында – 55 525 зейнеткер. Мүгедектігі бойынша 38 631 және асыраушысынан айрылған 14 759 адамның жәрдемақысы ұлғайды. Жалпы, бүгінгі таңда өңір бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар – 41 600, көпбалалы отбасылар – 18 861, алқамен марапатталған көпбалалы аналар – 12 332, бiр жасқа толғанға дейiнгі баланың күтiмiне байланысты жәрдемақы алушылар – 2403-ді құрайды», – дейді филиал директорының орынбасары Жанат Умергалиева.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласын дамыту бағдарламасына 111 млрд теңге қажеттігін мәлімдеген еді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер