Басқа адамдардың көзінше баланың үлгерімін талқылаудан арылған жөн – Аймағамбетов

8304
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/685b7f61-aa2b-44f4-af78-cebe1d163ba2-960x500.jpeg?token=756e5be53daed7d860da96439b6580a0
Барлық мектеп ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу керек. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов министрліктің жедел отырысында мектептердегі тәрбие жұмысы мәселесін қарау барысында айтты.
«Ата-аналарды жинап алып, басқа адамдардың көзінше баланың үлгерімі мен тәртібін талқылаудан арылған жөн. Оның орнына жеке, топтық немесе ұжымдық форматта ұйымдастырған тиімді. Әрбір ата-ана педагогтен өз баласының жетістіктері мен әлсіз тұстары туралы толық ақпаратты ала алатындай жағдай жасауымыз керек»,– деді министр.
Комментарии