Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

3007
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/803c4b53-a989-4709-b995-924f1ced6f56.jpeg
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Тергеу тобы К.К. Мәсімовке, А. Т. Садықұловқа, Д. Е. Ерғожинге және басқа да адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 218-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-тармағы, 366-бабының 4-бөлігіне сай көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы К. Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ә. Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 маусымына дейін, сондай-ақ тағы бір орынбасары болған Д. Ерғожинді қамауда ұстау 13 маусымға дейін ұзартылды»,– деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі.
Комментарии