Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ата Заңдағы өзгеріске қатысты өткен референдумға өз пікірін білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ол референдумға қатысты пікірін telegram-арнасында жазды.
«Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша референдум өтті. Орталық комиссия мәліметінше, дауыс беруге халықтың 68,06 пайызы қатысты. Түзетуді қолдайтындар қатары 77,18 пайыз. Бұл билік пен халықтың байланысы, көзқарасы жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді» деді Ерлан Қарин.
Сондай-ақ, ол президент ұсынған реформалардың қоғамдық қолдау тапқанын да ерекше атап өтті.
”Адырна” ұлттық порталы