Қазақстанда Ресейге қарсы санкцияларға байланысты мұнай маркасының атауы өзгертілді

2866
Adyrna.kz Telegram
Фото: qazaqtimes.com
Фото: qazaqtimes.com

Қазақстанда мұнай-газ компаниясы Батыстың Ресейге қарсы салған санкциясына байланысты мұнай брендінің атауын өзгертті. Бұл туралы "Москве языка" Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

CNPC-Ақтөбемұнайгаз ресейлік теңіз порттары арқылы Қазақстан экспорттық қоспасы шикі мұнайына экспортқа жіберілетін мұнай брендінің атауын өзгертті. Сөйтіп, Қазақстанда оны Ресей өндіретін мұнайдан "айыруға" тырысты.

Бұған дейін Қазақстанның Мәскеудегі елшісі Ермек Көшербаев Нұр-Сұлтанның "геосаяси ойындарға" қатысып, Ресейге қарсы санкциялық қысымға қосылғысы келмейтінін айтқан болатын.

Қазір Еуропалық Одақ Украинадағы арнайы әскери операцияға байланысты Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакетін қабылдауға дайындалып жатыр.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер