“Денесін кеспей әкеп берсін!”: Өлген сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

14323
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде жүрген жерінен белдігіне асылып өлген сарбаздың анасы шындықтың ашылуын қалап, үндеу жолдады. Бұл туралы марқұмның анасы үндеуін Facebook әлеуметтік желісі арқылы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Анасы баласының өз-өзіне қол салды дегенге сенбейді. Айтуынша, ұлын өлімге бәзбіреулер итермелеген. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан өзін қабылдауын сұрап отыр және істің жан-жақты тексерілуін талап етті.

"Әскерге дені сау болып кеткен бала неге өліп келеді? 2 күн емес қазір денесін кеспей әкеп берсін. Екінші рет балаларыңды әскерге жібермеңдер! Ресейден бе, басқа жақтан шақыртсын. Қазақстанды қырып бітетін болды. Ақшадан қиналдым, ақша үшін өлдім депті. Міне, хаттары тұр жіберілген. Әскерде қандай ақша ол?! Қамтамасыз ете алмасаңдар неге әкетесіңдер?! Өзінің ауруы бар екен дейді. Ауру болса, неге аласыңдар?! Жауапсыз қалдырмаймын! Президент мырза, балам өлді деген хабар алып тұрмыз. Ақшадан қиналып өлдім деп жазыпты. Президенттің қабылдауын сұраймын", — деді марқұмның анасы.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер