Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да атыс болды

2839
Adyrna.kz Telegram
Фото: syrboyi.kz
Фото: syrboyi.kz

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қырғызстан шекара қызметі мәліметінше, атыс 3 маусымда сағат 12:00 шамасында Булак-Башы ауданында басталған.

"Аумақтан кету талаптарын елемей, тәжік шекарашылары қырғыз әскери қызметкерлеріне оқ жаудырды. Екі ел жасақтары арасында атыс болып, оның барысында тәжік тарапы минометтерді қолданды", - деді Қырғыз Республикасының МҰҚК шекара қызметі өкілдері.

Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ екені нақтыланды. Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының қырғыз-тәжік учаскесінде шекара бөлімшелері арасындағы қақтығыс жалғасып жатқанын айтты Қырғызстан шекара қызметі өкілдері.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер