Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды

2845
Adyrna.kz Telegram

Банктер жеңілдетілген несие бойынша автокөлік сатып алуға өтінімдер қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл туралы екінші деңгейлі банктер мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Олардың мәліметінше, мемлекет тарапынан қаржыландыру болмауы себеп болған.

«Бүгінде барлығы 9 мыңға жуық өтінім қабылданды. Қаржыландырудың бірінші траншы аяқталды. Өтінімдер 20 мамырдан бастап қабылданбады. Өтінімдер қашан қайта қабылданатыны, яғни мемлекеттен қаражаттың екінші траншы қашан түсетіні әзірге белгісіз», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, БАҚ-та жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінімдердің лимиті таусылғаны айтылды.

Былтыр кезекте тұрғандардың да бәрін алмағаны айтылды. Жеңілдетілген несиеге өтініш беріп үлгерген қазақстандықтар алған. Енді автокөлікті несиеге алғысы келгендер өтініш бере алмайды, қашанға дейін екені белгісіз.

«Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылындағы Kia Allur Auto автосалоны өкілдері автокөліктер жеткілікті екенін айтты, бірақ банктер арқылы қаржыландыру жақын күндерден бері болмаған. Әзірге тек ForteBank өтінімдерді қабылдауды жалғастырып жатыр. Автосалонның электрон кезегінде барлығы 13 мың адам тұр. Бағдарлама бойынша, өтінімдерді қабылдау қашан басталады, қашан қаржыландырылады деген мәселе «Өнеркәсіпті дамыту қорында» айтылмады», – делінген хабарламада.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер